Appazov & Angrycode

Technodom

«TECHNODOM» – Қазақстанның электр тұрмыстық және компьютерлік техника дүкендерінің жетекші ұлттық желісі.
TECHNODOM компаниясының міндеті – Клиент күткеннен де жоғары сапалы қызмет көрсету! Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында TECHNODOM дүкендер желісінің 76 дүкені және Bang & Olufsen 1 брендшопы бар. Республиканың 28 қаласында жалпы сауда алаңы 92 538 шаршы метрді құрайды.
TECHNODOM дүкендері ең жаңа сауда технологияларын ескере отырып жобаланған және сатып алушыларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарына толық сәйкес келеді.
TECHNODOM сауда қоржынында 700-ден астам жетекші әлемдік бренд ұсынылған: Sony, Panasonic, Samsung, LG, Daewoo, Apple, HTC, Philips, Nokia, Canon, Nikon, Fujitsu, Bosch, Siemens, Electrolux, Indesit, Hotpoint-Ariston, Elica, Gorenje, Hansa, Zigmund & Shtain, Zanussi, Whirlpool, Beko, Termex, Moulinex, Tefal, Rowenta және т.б.
Компания ұсынатын электротехникалық және компьютерлік техниканың модельдік ассортименті 50 000 атаудан тұрады және өнімнің барлық мүмкін түрлерін қамтиды.

Байланыстар үшін:
MART СОО, 2 қабат
Жұмыс тәртібі: 10:00-22:00
Телефон: 1717 (call центр)
Instagram: @technodomkz
Сайт: www.technodom.kz