Appazov & Angrycode

KFC

KFC-ді Америкада 62 жастағы Харланд Сандерс құрған болатын, оған дейін ол паром капитаны, сақтандырушы, жарық беретін құралдар дүкенінің сатушысы, заңгер, шина сатушы және тіпті әуесқой акушер сияқты неше түрлі жұмыс жасаған!
Ол осы салалардың бәрінде де сәтсіздікке ұшырап, тіпті өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барған болатын! Осының бәрі 1930 жылға дейін жалғасты. Содан кейін ол мейрамхана орналасқан жанармай құю станциясын жалға алды. Ол жерде ол саяхатшыларға тек өзі білетін рецепт бойынша өзі дайындаған тауық етін ұсына бастады! Он жылдан кейін, 1940 жылы ол өзінің рецептісін жетілдірді. Оның құрамында 11 дәмдеуіш пен шөп болды, оның бір бөлігі сол жанармай құю станциясының асүй есігіне ойылып жазылған. алғашқы KFC 1952 жылы ашылды, ал 1955 жылы ол бірегей рецептті патенттеп, қаражат жинау мен брендті дамыту мақсатында марафонда жүргендей біраз жүгіреді. Ол 1000-нан астам кездесу өткізіп, ақыры 1964 жылы 74 жасында KFC-ді инвесторларға 2 миллион долларға сатты! 21 000-нан астам KFC мейрамханалары әлемнің 130-дан астам елінде жұмыс істейді.
KFC бүкіл әлемді жақсы көреді, тура солай бүкіл әлем KFC-ді жақсы көреді.
Харланд Сандерстің «11 шөп пен дәмдеуіш» рецептісі бүгінгі күнге дейін тамақ өнеркәсібіндегі ең танымал коммерциялық құпиялардың бірі болып саналады. Сіз KFC дәмінің ерекше екеніне сенімді бола аласыз!

Байланыстар үшін:

MART СОО, 3 қабат
Жұмыс тәртібі: 10:00-22:00
Сайт:https://www.kfc.kz/
Instagram: @kfc_kz
Телефон: 7797